Қоғам

Алматыда полиция қабіршілерді не үшін қамауға алды - видео

© AFP 2024 / HERIKA MARTINEZЗахоронение скончавшегося от коронавируса
Захоронение скончавшегося от коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта жәбірленушілер мен күдіктілердің қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатырқаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Алматы қаласының полицейлері зираттың екі қызметкеріне қатысты тергеу бастады. Екеуі де жерлеу жұмыстары үшін қосымша 70-80 мың теңгені заңсыз талап еткенін мойындады, деп хабарлайды Polisia.kz

Ішкі істер бөліміне сегіз адам арызданып келген. Олардың айтуынша, зират қызметкерлері жерлеу жұмыстарының ақшасынан бөлек тағы 70-80 мың теңгеге дейін қосымша ақы талап еткен. Қабіршілер түбіртекті де бермеген. Сөйтіп, ақшаны заңсыз иемденген. 

"Жақын адамдарынан айырылып, қайғы-қасіретке душар болғандар тек материалдық қана емес, моральдық тұрғыда да зардап шекті. Қабылданған шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері өз іс-әрекетін мойындаған екі тұрғынды анықтап, қамауға алды", - дейді тергеушілер. 

Қазіргі уақытта жәбірленушілер мен күдіктілердің қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Осының нәтижесінде әрбір кінәлі адамның іс-әрекетіне жеке-жеке құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, жерлеу кезінде ақшаны заңсыз жинаудың алдын алу үшін басқа да жерлеу орындары тексеріледі.

Тағы оқыңыз: Төрт ай бұрын жерленген ер адам жұрттың зәресін ұшырды

Жаңалықтар
0