Мобильділік – РФ және оның одақтастарының қорғану қабілеттілігін нығайтатын әрі соғыс жағдайында орыс қаруының басымдылығын айқындайтын қасиеттің бірі болып отыр.
Күшті жарылғыш құрылғылардан "Стрела" сырт жағынан заманауи броньмен және корпус геометриясымен қорғалған және жарылыс толқынының соққысын бәсеңдету мақсатында ішіне жұмсақ орындықтар орнатылған. Сирияда заманауи жаңа бронды автомобильдерін қолдану мұндай конструкцияның сенімділігін көрсетті. Жарылыс кезінде адам қазасы орын алған жоқ.
"Стрела" бронды жеңіл автомобилі арнайы бөлімшелердің жедел-қызметтік жұмысына, баллистикалық қорғаныстың жоғары деңгейін қамтамасыз етумен адамдар және түрлі жүкті тасымалдауға арналған. Салонға жүргізушіні қоса есептегенде сегіз адам сыяды. Қаруландыру мен арнайы жабдықтың модульдік кешендерін орнату қарастырылған. Соғыс көлігі тек ресейлік материалдардан дайындалған. Өндіруші компанияның беделі әлемдегі ең қарқынды броневиктің жоғары сапасы мен оның халықаралық нарықтағы экспорттық әлеуетін қамтамасыз етеді.
"Стрела" әскери қызметшілерге ұнауы ықтимал. Себебі, жоғары мобильділік бөлімшелердің әскери тұрақтылығының негізі болып табылады. Егер броневик тас жолда сағатына 155 шақырымды еңсерсе, ойлы жерде 80 км/сағ жылдамдықпен қозғала алады. Аталған әскери көліктің конструкциясында қолданылған тораптар мен агрегаттар ресейлік автоөнеркәсіп өндірісінде де қолданылуы мүмкін. Сонда, Ресейде геологтар, туристер мен балықшылардың арманына айналған автокөлік пайда болады.
Арнайы техникалар бәсекелестігі
Соғыс кезінде бронды автокөліктерді қолданудың келешегі зор. Түрлі санаттағы және мүмкіндігі әртүрлі машиналар әскерге алдағы мәселені бірыңғайластыра шешуге, қарсыласты соққы күші әрі маневр арқылы жеңуге мүмкіндік береді. Сондықтан, халықаралық қару-жарақ нарығында бронды көліктердің көптігі тектен тек емес. Мысалы, Stryker (АҚШ), LAV (Канада), (Швейцария), VBCI (Франция), Boxer (Германия – Голландия), Pandur (Австрия), Pars (Түркия). Бұл секторда миллиардтаған доллар айналымда жүр және Ресей де көш бастап тұрған елдің бірі. 2010-2017 жылдар аралығында жалпы сомасы 1,48 миллиард долларға 1 206 ресейлік машина сатылған. Жаңа бронды автомобильдері ресейлік қорғаныс позициясын одан әрі нығайта түспек.
RenaultSherpa II тактикалық автомобилі жолсызда жүру кезіндегі миссияға арналған. Түрлі құрауыштары бар және түрлі санаттағы соғыс модульдерін тасымалдайды. Sherpa II броневигі 4,7 литрлік турбодизельдік 215 күштік қозғалтқышпен жабдықталған және сағатына 120 километрді бағындырады.
Израильдің Plasan компаниясынан шыққан SandCat броневигі жарылыстан қосымша қорғанысты қамтамасыз ететін амортизациялаушы орындықтар қойылған патрульдік автомобиль. Корпусындағы алты порт жүріс барысында десанттың жеке қаруынан оқ атуына мүмкіндік береді. SandCat автокөлігінде қуаттылығы 330 л.с. сегіз цилиндрлі 6,7 литрлік қозғалтқышпен қамтылған. Бронды машинаның максималды жылдамдығы 120 км/сағ. ТМД кеңістігінде мұндай броневиктер Әзербайжан, Қазақстан және Түркіменстанда бар.
Австралия әскеріне тиесілі Hawkei бронды автомобилінің баллистикалық қауіптен қорғаныс деңгейі жоғары. Жарылысты жұту жүйесі мина қаупін төмендетеді. Броневикте қашықтықтан басқаруға арналған қару-жарақ станциясы орнатылған (5,56 мм, 7,62 мм және 12,7 мм калибрлі пулеметтер, 40 миллиметрлік гранатометтер мен танкіге қарсы зымырандар). Hawkei алты цилиндрлі дизельдік қозғалтқышпен қамтылған және сағатына 130 километр жылдамдықпен қозғала алады.
GeneralDynamics компаниясының Flyer жеңіл бронды машинасы АҚШ әскерінің арнайы операцияларына қолбасшылық ету үшін дайындалған. Барлау, рейд, шабуыл, эвакуация және тағы басқа миссиялар үшін қолданылуы мүмкін. Flyer 360 градусты қамтитын қару жүйесімен жабдықталған. Машина мұнарасында 12,7 калибрлі пулемет орнатылған. Броневик сағатына 135 километрмен қозғалуға мүмкіндік беретін 150 л.с. қуаттылығындағы 1,9 литрлік қозғалтқышпен жабдықталған.
Тағы оқыңыз: Путин Керчьте жаңа десанттық кемелердің құрылысын бастап берді – видео
ParamountGroup оңтүстік африкалық әскери-өнеркәсіптік тобының туындысы саналатын Mbombe-4 жеңіл бронь машинасының ең жаңа үлгісі БАӘ-дегі IDEX-2019 көрмесінде таныстырылды. Ішіне 10 адам сыяды. Дөңгелек формуласы 4х4. Патрульдеу міндеттерін атқара алады және әскери операцияларға қатыса алады. Автомобиль корпусы 14,5 мм калибрлі оқ-дәрілерден және шет жақтан жарылған минадан қорғай алады. Сағатына 140 километрге дейін жылдамдықпен қозғала алатын бұл броневик 457 л.с. қуаттылығы бар қозғалтқышпен жабдықталған. Дәл осы бронды машина ресейлік "Стреланың" ең жылдам бәсекелесі болып отыр.
"Әскери-өнеркәсіптік компания" дөңгелекті бронь техникасын шығаратын ресейлік ірі өндіруші. Бронь машиналарын РФ құрлықтағы әскеріне және 40-тан астам елдің әскеріне жеткізеді. Компанияның танымал жобаларының ішінде "Тигр" бронды автокөліктері мен "Бумеранг" платформасы бар. Барлық өнім қатаң соғыс жағдайында тексеріледі және келісілген мерзім ішінде кепілдендірілген қызмет көрсетіледі.
Айта кету керек, қанша жылдан бері бронь техникасын сәтті дайындаумен айналысып келе жатқан "ӘӨК" кәсіпорнында осал дүние шықпасы анық. Сондықтан, "Стрела" соғыста және халықаралық қар-жарақ нарығында оң сипатқа ие болмақ.