Қоғам

Полковникті ұстау операциясының видеосы жарияланды

Тергеушінің айтуынша, әскери бөлім командирі келісімшарт бойынша әскери қызметшіден тәртіптік жазаны алып тастау үшін пара алған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Алматы облысында әскери бөлімшенің командирі пара алғаны үшін тергеуге алынды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаменттің аға тергеушісі Кайсар Баржақсынов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "№03825 әскери бөлімшесі" республикалық мемлекеттік мекемесінің командирі және осы бөлімшенің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады", – деді Баржақсынов онлайн брифингте.  

Оның айтуынша, командир келісімшарт бойынша әскери қызметшіден тәртіптік жазаны алып тастау үшін пара алған. Ал бөлім басшысы сол параны беруге делдалдық жасаған деген күдікке ілінді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда әскери қызметкерлердің зейнетақысы қайта есептеледі