НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Алматы облысында әскери бөлімшенің командирі пара алғаны үшін тергеуге алынды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаменттің аға тергеушісі Кайсар Баржақсынов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "№03825 әскери бөлімшесі" республикалық мемлекеттік мекемесінің командирі және осы бөлімшенің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады", – деді Баржақсынов онлайн брифингте.
Оның айтуынша, командир келісімшарт бойынша әскери қызметшіден тәртіптік жазаны алып тастау үшін пара алған. Ал бөлім басшысы сол параны беруге делдалдық жасаған деген күдікке ілінді.