Анкара ресейлік ӘШҚ-ЗШҚ жүйелерін пайдаланғаны үшін қабылданатын санкциялар туралы Вашингтонның көптеген ескертпесін елеген жоқ.
"Триумфты" америкалық өндірістің "туындысы" F-16 Viper мен F-4 Phantom II жойғыштарында тестілеу де жай сәйкестік емес. Өткен жылы АҚШ-тың мазасызданғанына қарамастан, түрік мамандары Анкараның қақ төбесінде түрлі биіктікте С-400 жүйесін америкалық F-16 жойғыштарына қарсы сынақтан өткізген болатын. "Триумфтердің" көпсатылы сынақтары 2020 жылдың қараша айына дейін жалғасады.
Ресей Түркияға сомасы 2,5 миллиард долларды қамтитын С-400 төрт дивизионын жеткізуге арналған алғашқы келісімшартты өткен жылдың қарашасында орындады. 2020 жылдың маусым айында Анкара мен Мәскеу "Триумфтердің" екінші кешенін жеткізу туралы келісімшарт жасасты.
Дәл осы сәтті Түркия Республикасы қорғаныс өнеркәсібі хатшылығының басшысы Исмаил Демир "С-400 жүйесі қолдану үшін сатып алынуда. Нүкте" деген болатын. Ал АҚШ-та өз әдетіне салып, түрік жерінде "Триумфтың" көзін жоюға тырысып бағуда: оны өздері сатып алуды ұсынуда, америкалық кешендермен алмастыруын талап етуде және жаңа санкциялармен қоқан-лоққы көрсетуде.
Түркиядағы С-400 сынақтары нысанды анықтау қашықтығы, ілесіп ұшу беріктігі, нысанды жою тиімділігі секілді әскери параметрлерін нақтылау үшін жүргізіліп жатыр. Анкара маңында орналасқан Мюртед әуе базасындағы ресейлік зениттік зымыран жүйелері F-35 пен F-22 ұшақтарын қоса алғанда, шынайы аэродинамикалық нысандарда тестіленуде. Белгілі болғандай, құпия әрі радарға "көрінбейтін" америкалық бесінші буын жойғыштар "Триумфтың" анықтау және жою радиусында үш рет пайда болған. Қара теңіз бен Түркия аумағынан Таяу Шығыс елдеріне жеткізу барысында АҚШ әскери-әуе күштерінің F-35 пен F-22 маршруты Мюртед қаласынан 200 километр қашықтыққа созылып жатыр.
Түркияның қорғаныс ведомствосы бұған дейін С-400 жүйесін тестілеу сәтті өтіп жатқанын хабарлаған. Ақпаратқа сәйкес, ресейлік жүйе РЛС әрекет ету аумағының шекарасында – 600 километр қашықтықта F-16 FightingFalcon жойғышын анықтаған, шағын биіктікте барлық нысандар табылған. "Триумф" шекті қашықтықта төртінші буын қаруы саналатын бомбалаушы жойғышты тауып қана қоймай, ол жою аумағына кіргенге дейін зымырандарды нысанға жөнелтуге тұрақты дайын тұрады. Яғни, әскери кезекшілік кезінде 16 FightingFalcon ұшақтары 400 километр қашықтықта автоматты түрде жойылады. Еске салсақ, бір дана F-16 жеңіл жойғышының құны 50 миллион долларға дейінгі соманы құраса, F-35 – екі есе қымбат.
"Мюртед" әуе базасындағы сынақтар америкалық авиция жойғыштарының абыройына үлкен нұқсан келтіріп жатыр. Әйтсе де, Анкарамен қырық пышақ болып жауласу Вашингтон мүддесіне сәйкес келмейді. Түркия аумағындағы америкалық ядролық қару-жарақтың Инджирлик әуе базасы бар. Бұл қауіпті аумақтағы АҚШ ӘӘК негізгі тірек пункті. Геосаяси тұрғыдан АҚШ пен НАТО үшін Түркияның маңызы зор. Сондықтан, ол альянстағы жағдайға ықпал ете алады. Анкараның Мәскеумен жақындасуы оны батыс серіктестерінің қысымынан төтеп беретіндей қауқарлы болуына ықпал етіп тұр.
Түркияның әскери техниканы сатып алу әлеуетіне әділ баға берсек, онда республиканың қорғаныс қабілетінің сапалы өсімі байқалады: "Триумфтың" бір батареясы 72 бағытталған зымыраны бар және бір уақытта 36 нысанның көзін жоя алады. Түрлі типтегі зымырандар желісі 5 метрден 30 километрге дейінгі диапазонда бомбалаушы жойғыштарды, ұшқышсыз ұшу аппараттарын, қанатты, тактикалық және баллистикалық зымырандарды жоюға мүмкіндік береді. "Триумф" жүйесі түрлі қашықтықтағы зениттік кешендерді біріктіре алады және ӘШҚ құралдарының желісін басқара алады.
Қазір жаңа мүмкіндіктер дәуірі туды. Анкарада "Прометей" С-500 ресейлік зениттік зымыран жүйесін сатып алу талқыланып жатыр.