НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Қазақстанда 5 шілдеден қатаң карантин жарияланады. Екі аптаға созылатын шектеу шаралары кезінде де азаматтарға той-томалақ өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
2 шілдеде премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия президенттің тапсырмасына сәйкес, 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын бекітті.
"Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салынады", – делінген хабарламада.
Десе де, азаматтарға таза ауада жаттығу жасауға рұқсат етіледі.
Көшелерде, саябақтар мен скверлерде 3 адамнан артық серуендеуге болмайды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда екі апталық карантиннің талаптары бекітілді
Бұдан бөлек, 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуы шектеледі.