Қоғам

Қатаң карантин: қазақстандықтар алдағы екі аптада да той өткізе алмайды

© Sputnik / Николай Хижняк / Медиабанкке өтуФестиваль национальных свадеб в Самаре
Фестиваль национальных свадеб в Самаре - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Азаматтарға көше мен саябақта, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуге болмайды. Ал 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуы шектеледі

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Қазақстанда 5 шілдеден қатаң карантин жарияланады. Екі аптаға созылатын шектеу шаралары кезінде де азаматтарға той-томалақ өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

2 шілдеде премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия президенттің тапсырмасына сәйкес, 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын бекітті.

 "Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салынады", – делінген хабарламада.

Десе де, азаматтарға таза ауада жаттығу жасауға рұқсат етіледі.

Көшелерде, саябақтар мен скверлерде 3 адамнан артық серуендеуге болмайды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда екі апталық карантиннің талаптары бекітілді

Бұдан бөлек, 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуы шектеледі.

Жаңалықтар
0