Әлем

Нұр-Сұлтанда ресейліктер Конституцияға түзетулер енгізу бойынша қалай дауыс беруде - фото

Бірінші шілде – Ресей Федерациясының Конституциясына өзгерістер енгізуді мақұлдау мәселесі бойынша жалпыресейлік дауыс берудің негізгі күні
Sputnik

АЛМАТЫ, 1 шілде – Sputnik. Қазақстанда тұратын ресейліктер Нұр-Сұлтанда Ресей Федерациясының Конституциясына түзетулер енгізуге қатысты дауыс берді.

Россотрудничество өкілдігі ғимаратының кіре берісінде ешқандай қарым-қатынасқа түспей азаматтардың дене қызуы тексеріледі, сондай-ақ, антисептик орнатылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр-Сұлтанда ресейліктер Конституцияға түзетулер енгізу бойынша қалай дауыс беруде - фото

Адамдар барынша аз қарым-қатынасқа түсетіндей жағдай жасалған, сонымен қатар әлеуметтік арақашықтық сақталу қажет.

"Таңғы сағат 10.00-ге дейін қырыққа жуық азамат дауыс берді. Кабина адамдар бір-бірімен бетпе-бет келіп қалмауы үшін айтарлықтай алыс орнатылған. Сондай-ақ, азаматтар бір-бірімен кездеспеуі үшін Ресей ғылым мен мәдениет орталығының ғимараты арқылы өту қарастырылған", - деп түсіндірді Sputnik Қазақстан тілшісіне Нұр-Сұлтан қаласы бойынша №8125 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Дмитрий Пантелин. 

Нұр-Сұлтанда ресейліктер Конституцияға түзетулер енгізу бойынша қалай дауыс беруде - фото

Бақылаушыларға да, БАҚ өкілдеріне де маска тағып, қолғап кию міндеттелген.

Нұр-Сұлтанда ресейліктер Конституцияға түзетулер енгізу бойынша қалай дауыс беруде - фото

Қажет болған жағдайда, бұл жерде бір реттік маска мен қолғап, қалам беріледі.

Кіре берісте арнайы бактерияға қарсы кілемше төселген, ғимаратта жүйелі түрде санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіледі.

Азаматтарға дауыс беруге 15 минуттан артық уақыт жұмсамау ұсынылды.

"Дауыс беруге келдім, себебі бұл оқиға балалар мен немерелеріміздің болашағы үшін маңызды. Болашақта басқа мемлекеттер тарапынан талаптар болмауы үшін, Ресейдің жеткілікті заңы болуы керек", - деді Нурания Шамшуалиева.

Нұр-Сұлтанда ресейліктер Конституцияға түзетулер енгізу бойынша қалай дауыс беруде - фото

Бастапқыда Ресей Конституциясына түзетулер бойынша жалпыресейлік дауыс беру 22 сәуір күні өтеді деп белгіленді, бірақ елдегі коронавирус індетіне байланысты кейінге қалдырылды.

Нұр-Сұлтанда ресейліктер Конституцияға түзетулер енгізу бойынша қалай дауыс беруде - фото

Кейінірек Ресей президенті Владимир Путин жаңа дауыс беру күнін 1 шілдеге ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды.

Эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, ресейліктерге 25 маусымнан 1 шілдеге дейін дауыс беруге болады деген шешім қабылданды.

Қазақстандағы ресейліктер қалай дауыс бере алады?

Қазақстанда тұратын Ресей азаматтары учаскелік сайлау комиссиялары құрылған Алматы, Орал және Өскемен қалаларындағы Ресей елшілігі мен консулдығында дауыс бере алады.

Нұр-Сұлтанда дауыс беру сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін Кенесары көшесі, 39-үй мекенжайы бойынша өтеді. Анықтама телефоны – 8 (7172) 32-05-15.

Алматы, Орал және Өскемен қалаларындағы Ресейдің бас консулдығындағы сайлау комиссияларының жұмысы туралы ақпаратты Бас консулдықтың сайттынан және байланыс телефондары арқылы білуге болады.