Әлем

Нұр-Сұлтанда ресейліктер Конституцияға түзетулер енгізу бойынша қалай дауыс беруде - фото

© Sputnik / Абзал КалиевГраждане России на избирательных участках голосуют по поправкам в Конституцию
Граждане России на избирательных участках голосуют по поправкам в Конституцию - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірінші шілде – Ресей Федерациясының Конституциясына өзгерістер енгізуді мақұлдау мәселесі бойынша жалпыресейлік дауыс берудің негізгі күні

АЛМАТЫ, 1 шілде – Sputnik. Қазақстанда тұратын ресейліктер Нұр-Сұлтанда Ресей Федерациясының Конституциясына түзетулер енгізуге қатысты дауыс берді.

Россотрудничество өкілдігі ғимаратының кіре берісінде ешқандай қарым-қатынасқа түспей азаматтардың дене қызуы тексеріледі, сондай-ақ, антисептик орнатылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

© Sputnik / Абзал КалиевРесей азаматтары сайлау учаскелерінде Конституцияға түзетулер енгізу бойынша дауыс беріп жатыр
Нұр-Сұлтанда ресейліктер Конституцияға түзетулер енгізу бойынша қалай дауыс беруде - фото - Sputnik Қазақстан
Ресей азаматтары сайлау учаскелерінде Конституцияға түзетулер енгізу бойынша дауыс беріп жатыр

Адамдар барынша аз қарым-қатынасқа түсетіндей жағдай жасалған, сонымен қатар әлеуметтік арақашықтық сақталу қажет.

"Таңғы сағат 10.00-ге дейін қырыққа жуық азамат дауыс берді. Кабина адамдар бір-бірімен бетпе-бет келіп қалмауы үшін айтарлықтай алыс орнатылған. Сондай-ақ, азаматтар бір-бірімен кездеспеуі үшін Ресей ғылым мен мәдениет орталығының ғимараты арқылы өту қарастырылған", - деп түсіндірді Sputnik Қазақстан тілшісіне Нұр-Сұлтан қаласы бойынша №8125 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Дмитрий Пантелин. 

© Sputnik / Абзал КалиевНұр-сұлтан қаласы бойынша №8125 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Дмитрий Пантелин
Нұр-Сұлтанда ресейліктер Конституцияға түзетулер енгізу бойынша қалай дауыс беруде - фото - Sputnik Қазақстан
Нұр-сұлтан қаласы бойынша №8125 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Дмитрий Пантелин

Бақылаушыларға да, БАҚ өкілдеріне де маска тағып, қолғап кию міндеттелген.

© Sputnik / Абзал КалиевРесей азаматтары сайлау учаскелерінде Конституцияға түзетулер енгізу бойынша дауыс беріп жатыр
Нұр-Сұлтанда ресейліктер Конституцияға түзетулер енгізу бойынша қалай дауыс беруде - фото - Sputnik Қазақстан
Ресей азаматтары сайлау учаскелерінде Конституцияға түзетулер енгізу бойынша дауыс беріп жатыр

Қажет болған жағдайда, бұл жерде бір реттік маска мен қолғап, қалам беріледі.

Кіре берісте арнайы бактерияға қарсы кілемше төселген, ғимаратта жүйелі түрде санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіледі.

Азаматтарға дауыс беруге 15 минуттан артық уақыт жұмсамау ұсынылды.

"Дауыс беруге келдім, себебі бұл оқиға балалар мен немерелеріміздің болашағы үшін маңызды. Болашақта басқа мемлекеттер тарапынан талаптар болмауы үшін, Ресейдің жеткілікті заңы болуы керек", - деді Нурания Шамшуалиева.

© Sputnik / Абзал КалиевНурания Шамшуалиева
Нұр-Сұлтанда ресейліктер Конституцияға түзетулер енгізу бойынша қалай дауыс беруде - фото - Sputnik Қазақстан
Нурания Шамшуалиева

Бастапқыда Ресей Конституциясына түзетулер бойынша жалпыресейлік дауыс беру 22 сәуір күні өтеді деп белгіленді, бірақ елдегі коронавирус індетіне байланысты кейінге қалдырылды.

© Sputnik / Абзал КалиевРесей азаматтары сайлау учаскелерінде Конституцияға түзетулер енгізу бойынша дауыс беріп жатыр
Нұр-Сұлтанда ресейліктер Конституцияға түзетулер енгізу бойынша қалай дауыс беруде - фото - Sputnik Қазақстан
Ресей азаматтары сайлау учаскелерінде Конституцияға түзетулер енгізу бойынша дауыс беріп жатыр

Кейінірек Ресей президенті Владимир Путин жаңа дауыс беру күнін 1 шілдеге ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды.

Эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, ресейліктерге 25 маусымнан 1 шілдеге дейін дауыс беруге болады деген шешім қабылданды.

Қазақстандағы ресейліктер қалай дауыс бере алады?

Қазақстанда тұратын Ресей азаматтары учаскелік сайлау комиссиялары құрылған Алматы, Орал және Өскемен қалаларындағы Ресей елшілігі мен консулдығында дауыс бере алады.

Нұр-Сұлтанда дауыс беру сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін Кенесары көшесі, 39-үй мекенжайы бойынша өтеді. Анықтама телефоны – 8 (7172) 32-05-15.

Алматы, Орал және Өскемен қалаларындағы Ресейдің бас консулдығындағы сайлау комиссияларының жұмысы туралы ақпаратты Бас консулдықтың сайттынан және байланыс телефондары арқылы білуге болады.

Жаңалықтар
0