өНҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. "Қазгидромет" мамандары табиғата кездесетін сирек құбылысты тіркеді. 27 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын мөлшері 39 милиметрді көрсеткен. Ал айлық норма 37 милиметрді құрайтын, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Мекеме қызметкерлері жексенбі күні жауын-шашынды болатындығын алдын ала хабарлаған болатын.
"Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +8 +10, күндіз +18 +20 градус болады. Жел секундына 20 метрге дейін күшеюі ықтимал", – делінген хабарламада.
Дегенмен, ауа райын болжау орталығының мамандары 27 маусым күні ел астанасында айлық жауын-шашын мөлшерінен асып түскенін мәлімдеді. Нәтижесінде, Нұр-Сұлтан қаласының кейбір көшелерін су басып, түрлі видеолар әлеуметтік желілерде жариялана бастады.
"27 маусым күні тәулік бойы жауған жаңбыр 39 миллимтерді құрап, айлық мөлшер артығымен орындалды. 1–28 маусым аралығында астанадағы жауын-шашын жиілігі 96 миллимтерді көрсетті. Ал қалыпты норма 37 миллиметр болатын", – деп атап көрсетілген хабарламада.
Мамандардың түсіндіруінше, мұның себебі аймақтағы ыстық ауа райының жауын-шашынсыз күрт салқындап, оның соңы жаңбырға ұласуымен байланысты көрінеді.