Қоғам

Нұр-Сұлтанда айлық жауын-шашын мөлшері бір күнде түсті

© Sputnik / СтрингерЗатопленные улицы в Нур-Султане
Затопленные улицы в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандар Қазақстан астанасында маусым айының жауын-шашын мөлшері бір күнде түскенін айтады

өНҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. "Қазгидромет" мамандары табиғата кездесетін сирек құбылысты тіркеді. 27 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын мөлшері 39 милиметрді көрсеткен. Ал айлық норма 37 милиметрді құрайтын, деп хабарлайды "Қазгидромет". 

Мекеме қызметкерлері жексенбі күні жауын-шашынды болатындығын алдын ала хабарлаған болатын.

"Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +8 +10, күндіз +18 +20 градус болады. Жел секундына 20 метрге дейін күшеюі ықтимал", – делінген хабарламада.

Дегенмен, ауа райын болжау орталығының мамандары 27 маусым күні ел астанасында айлық жауын-шашын мөлшерінен асып түскенін мәлімдеді. Нәтижесінде, Нұр-Сұлтан қаласының кейбір көшелерін су басып, түрлі видеолар әлеуметтік желілерде жариялана бастады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек (@astana_sergek_kz)

"27 маусым күні тәулік бойы жауған жаңбыр 39 миллимтерді құрап, айлық мөлшер артығымен орындалды. 1–28 маусым аралығында астанадағы жауын-шашын жиілігі 96 миллимтерді көрсетті. Ал қалыпты норма 37 миллиметр болатын", – деп атап көрсетілген хабарламада.

Мамандардың түсіндіруінше, мұның себебі аймақтағы ыстық ауа райының жауын-шашынсыз күрт салқындап, оның соңы жаңбырға ұласуымен байланысты көрінеді.

Жаңалықтар
0