Қоғам

Денсаулық министрлігі коронавирустан көз жұмғандардың саны артқанын хабарлады

Қазақстан бойынша коронавирустан қайтыс болғандардың саны 173 адамға жетті, ең көп өлім-жітім Нұр-Сұлтан қаласында тіркеліп отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 7 науқас көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министтрлігі.

  • Алматы облысы - 1942 жылы туған ер азамат
  • Қарағанды облысы - 1970, 1957 және 1940 жылдары туған ер азаматтар
  • Шымкент қаласы - 1972 жылы дүниеге келген ер адам
  • Ақтөбе облысы - 1960 және 1950 жылдары дүниеге келген ер адамдар

"Өлім себебін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада. 

Жалпы, Қазақстан бойынша ауырғандар саны - 20 780, cауығып шыққандар – 12 738. Ал қайтыс болғандар 173 адамға жетті.