НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 7 науқас көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министтрлігі.
- Алматы облысы - 1942 жылы туған ер азамат
- Қарағанды облысы - 1970, 1957 және 1940 жылдары туған ер азаматтар
- Шымкент қаласы - 1972 жылы дүниеге келген ер адам
- Ақтөбе облысы - 1960 және 1950 жылдары дүниеге келген ер адамдар
"Өлім себебін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Жалпы, Қазақстан бойынша ауырғандар саны - 20 780, cауығып шыққандар – 12 738. Ал қайтыс болғандар 173 адамға жетті.