НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысында газ жарылуы салдарынан екі адам қайтыс болды.
Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға 26 маусым күні сағат 20.40-та Мұнайлы ауданы Баянды ауылының маңындағы "Матайбаев" жеке кәсіпкерлігі базасында болған.
"Сұйытылған газды сыйымдылығы 40 кубометр стационарлық ыдыстан автоцистернаға құю кезінде газ сыртқа шығып кеткен", - деді ведомствода.
Оқиға салдарынан 1974 жылы туған қазақстандық пен 1987 жылы туған Өзбекстан азаматы көз жұмды.
Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан екі адам көз жұмды
© Photo : Комитет по ЧС МВД РК
Төтенше оқиға болған жерге төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 13 қызметкері мен 2 техникасы және полиция департаментінің 4 техникасы жетті.