Өңірлер

Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан екі адам көз жұмды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуПациент
Пациент - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қайтыс болғандардың бірі 33 жастағы Өзбекстан азаматы, екіншісі 46 жастағы қазақстандық екені айтылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысында газ жарылуы салдарынан екі адам қайтыс болды.

Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз  қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға 26 маусым күні сағат 20.40-та Мұнайлы ауданы Баянды ауылының маңындағы "Матайбаев" жеке кәсіпкерлігі базасында болған. 

"Сұйытылған газды сыйымдылығы 40 кубометр стационарлық ыдыстан автоцистернаға құю кезінде газ сыртқа шығып кеткен", - деді ведомствода.

Оқиға салдарынан 1974 жылы туған қазақстандық пен 1987 жылы туған Өзбекстан азаматы көз жұмды.

© Photo : Комитет по ЧС МВД РКОқиға орнында түсірілген сурет
Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан екі адам көз жұмды - Sputnik Қазақстан
Оқиға орнында түсірілген сурет

Төтенше оқиға болған жерге төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 13 қызметкері мен 2 техникасы және полиция департаментінің 4 техникасы жетті.

Жаңалықтар
0