Қоғам

Қызылорда облысында коронавирустан өлім жағдайы тіркелді

Қазақстанда коронавирус індетінен қайтыс болғандардың саны 136 адамға жетті. 11 882 науқас жазылып шықты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Қызылорда облысында коронавирустан екі науқас көз жұмды, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.

Оның бірі – 1960 жылы дүниеге келген әйел болса, екіншісі – 1956 жылы туған ер адам.

"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 38
  • Алматы қаласы – 23
  • Шымкент қаласы – 13
  • Ақмола облысы – 12
  • Ақтөбе облысы – 1
  • Атырау облысы – 3
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • Жамбыл облысы – 1
  • Батыс Қазақстан облысы – 6
  • Қарағанды облысы – 10
  • Қостанай облысы – 3
  • Қызылорда облысы – 2
  • Маңғыстау облысы – 2
  • Павлодар облысы – 13
  • Түркістан облысы – 8.

Айта кетейік, республика бойынша 18 765 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, оның ішінде 11 882 науқас аурудан жазылды.