НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Қызылорда облысында коронавирустан екі науқас көз жұмды, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.
Оның бірі – 1960 жылы дүниеге келген әйел болса, екіншісі – 1956 жылы туған ер адам.
"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 38
- Алматы қаласы – 23
- Шымкент қаласы – 13
- Ақмола облысы – 12
- Ақтөбе облысы – 1
- Атырау облысы – 3
- Шығыс Қазақстан облысы – 1
- Жамбыл облысы – 1
- Батыс Қазақстан облысы – 6
- Қарағанды облысы – 10
- Қостанай облысы – 3
- Қызылорда облысы – 2
- Маңғыстау облысы – 2
- Павлодар облысы – 13
- Түркістан облысы – 8.
Айта кетейік, республика бойынша 18 765 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, оның ішінде 11 882 науқас аурудан жазылды.