НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында жайылымда жүрген жылқыларға жай түсіп, 69 жылқының өлексесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Кеше кешке табиғат құбылысынан 69 жылқы өлді. 49 бас жылқы мен 20 құлынға найзағай түскен", - деп жазылған Іnstagram желісіндегі patriotkaragandy парақшасында.
Айта кетейік, оқиға Қарқаралыға 60 шақырым қашықтағы Жарлы ауылының іргелес Тегісшілдік селолық округінің маңында болған. Қазіргі кезде ауыл тұрғындары өлекселерді жинап, шығын көлемін есептеп жатыр.