Өңірлер

Қарағанды облысында 69 жылқының өлексесі табылды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоПрирода Восточного Казахстана
Природа Восточного Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға Қарқаралыға 60 шақырым қашықтағы Жарлы ауылының іргелес Тегісшілдік селолық округінің маңында болған

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында жайылымда жүрген жылқыларға жай түсіп, 69 жылқының өлексесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Кеше кешке табиғат құбылысынан 69 жылқы өлді. 49 бас жылқы мен 20 құлынға найзағай түскен", - деп жазылған Іnstagram желісіндегі patriotkaragandy парақшасында. 

Публикация от Патриот Караганды (@patriotkaragandy)

Айта кетейік, оқиға Қарқаралыға 60 шақырым қашықтағы Жарлы ауылының іргелес Тегісшілдік селолық округінің маңында болған. Қазіргі кезде ауыл тұрғындары өлекселерді жинап, шығын көлемін есептеп жатыр.

Жаңалықтар
0