НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. "Қазгидромет" 16-18 маусымға ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстігіндегі ыстықты бәсеңдеткен солтүстік циклон алдағы күндері оңтүстік, содан кейін оңтүстік-шығыс өңірлерге әсер ете бастайды.
Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды
"Жауын-шашын айтарлықтай көп болмағанмен, температура 5...10°С-қа төмендейді деп болжанып отыр. Тек батыста Иран аймағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен ыстық, құрғақ ауа райы сақталады", - делінген хабарламада.
Дабылды ескерту
16 маусымда Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді деп болжануда. Өңірдің басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
16 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
16 маусымда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с жетеді, шаңды дауыл тұрады.
16 маусымда Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел, шаңды дауыл соғады.