Қоғам

Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

© AFP 2024 / KIRILL KUDRYAVTSEVЧеловек под зонтом проходит мимо цветущего каштана
Человек под зонтом проходит мимо цветущего каштана  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Иран аудандарынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен Қазақстанның батысында күн ыстық болады деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. "Қазгидромет" 16-18 маусымға ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстігіндегі ыстықты бәсеңдеткен солтүстік циклон алдағы күндері оңтүстік, содан кейін оңтүстік-шығыс өңірлерге әсер ете бастайды.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды

"Жауын-шашын айтарлықтай көп болмағанмен, температура 5...10°С-қа төмендейді деп болжанып отыр. Тек батыста Иран аймағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен ыстық, құрғақ ауа райы сақталады", - делінген хабарламада.  

Дабылды ескерту

16 маусымда Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді деп болжануда. Өңірдің басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

16 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

16 маусымда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с жетеді, шаңды дауыл тұрады.

16 маусымда Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел, шаңды дауыл соғады. 

Жаңалықтар
0