НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі кезде өзін-өзі оқшаулап, бейнебайланыс арқылы кестеге сай жұмысын жалғастыруда, деп мәлімдеді премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Үкімет басшысы Асқар Мамин өзін-өзі оқшаулады
© Photo : пресс-служба премьер-министра
"Премьер-министр Асқар Мамин 12 маусым күні денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен бірге Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. Біртановтың COVID-19 анализінің оң нәтиже көрсетуіне байланысты үкімет басшысы ПТР тестілеуден өтті – нәтиже теріс", – деді баспасөз қызметінің жетекшісі Зарина Нұрланова.
Айта кетейік, сапар барысында денсаулық сақтау министрі тыныс алу маскасымен жүрген болатын.
Оқи отырыңыз: Қазақ күресінен әлем чемпионы Айбек Нұғымаров ауруханаға түсті - видео
Ал жексенбі күні таңертең министр Біртановтың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны және елордалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскені хабарланды.