Қоғам

Үкімет басшысы Асқар Мамин өзін-өзі оқшаулады

© Sputnik / Владислав ВодневПремьер-министр Аскар Мамин
Премьер-министр Аскар Мамин  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет басшысы ПТР-дің теріс нәтижесіне қарамастан карантинге жатып, қызметін қашықтан жалғастыруда

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі кезде өзін-өзі оқшаулап, бейнебайланыс арқылы кестеге сай жұмысын жалғастыруда, деп мәлімдеді премьер-министрдің баспасөз қызметі. 

© Photo : пресс-служба премьер-министраПремьер-министрдің Жамбыл облысына жұмыс сапары
Үкімет басшысы Асқар Мамин өзін-өзі оқшаулады - Sputnik Қазақстан
Премьер-министрдің Жамбыл облысына жұмыс сапары
"Премьер-министр Асқар Мамин 12 маусым күні денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен бірге Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. Біртановтың COVID-19 анализінің оң нәтиже көрсетуіне байланысты үкімет басшысы ПТР тестілеуден өтті – нәтиже теріс", – деді баспасөз қызметінің жетекшісі Зарина Нұрланова.

Айта кетейік, сапар барысында денсаулық сақтау министрі тыныс алу маскасымен жүрген болатын.

Оқи отырыңыз: Қазақ күресінен әлем чемпионы Айбек Нұғымаров ауруханаға түсті - видео

Ал жексенбі күні таңертең министр Біртановтың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны және елордалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскені хабарланды.

Жаңалықтар
0