Фото

"Байқоңыр" ғарыш айлағы: жұлдыздар әлеміне апарар жол – фото

Sputnik

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Байқоңыр" ғарыш айлағын адамзаттың ғарыш кеңістігін дамытудың нышаны деп атады.

Коронавирус індеті ғарышкерлерге де қойылатын талапты қатаңдатты. Алпыс үшінші миссияның экипаж мүшелері Анатолий Иванишин мен Иван Вагнер және НАСА астронавты Кристофер Кэссиди 9 сәуір күні Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшқанға дейін бір ай карантинде болды.

Оқи отырыңыз: "Байқоңыр" мерейтойы - ғарыш айлағын дамыту жоспары туралы айтылды

Байқоңыр қаласының тұрғындары да 15 сәуірден мамырдың соңына дейін оқшауланып өмір сүрді.

Коронавирус эпидемиясына байланысты қала мерейтойына арналған салтанатты шаралар қараша айына ауыстырылды.

Олай болса, алпыс бес жыл бойы ғарышқа ұшу сәттері қалай өткенін архивтегі суреттерден тамашалаңыздар.

1 / 27
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Восток-1" ғарыш кемесін алғашқы ғарышкер Юрий Гагарин ұшырды. 1961 жыл 12 сәуір. Осылайша адамзаттың ғарышты игеру дәуірі басталды.
2 / 27
"Байқоңыр" ғарыш айлағы. Ұшыру алаңы. 1960 жыл.
3 / 27
Роскосмос ғарышкері Федор Юрчихин ұшыру алаңына кетер алдында жұртпен қоштасуда.
4 / 27
"Союз МС-15" ғарыш кемесі мен "Союз-ФГ" зымыран тасығышын "Байқоңыр" ғарыш айлағының ұшыру алаңына жеткізу. Қыркүйек 2019 жыл.
5 / 27
КСРО Орталық телеарнасының комментаторлары Юрий Фокин (сол жақта) мен Владимир Панарин (оң жақта) ғарышкерлер Валерий Кубасов (сол жақтан екінші) және Владимир Шаталовпен бірге. "Байқоңыр" ғарыш айлағы. 1970 жыл 1 маусым. "Союз-9" ғарыш кемесін ұшыру қарсаңында.
6 / 27
"Байқоңырдағы" музейге қойылған "Союз" кемесінің жанында жүрген мысық.
7 / 27
"Союз МС-07" ғарыш кемесі "Союз-ФГ" зымыран тасығышымен "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшты. 17 желтоқсан 2017 жыл.
8 / 27
"Союз Т-3" ғарыш кемесінің экипажы ұшу алдында. Ғарышкер, ғарыш кемесінің командирі Леонид Кизим (ортада), ғарышкер, бортинженер Олег Макаров (сол жақта) және ғарышкер-зерттеуші Геннадий Стрекалов. 27 қараша 1980 жыл.
9 / 27
"Байқоңыр" ғарыш айлағының аумағында орналасқан "Сатурн-МС" көп мақсатты радиокешен маңында жүрген қосөркешті түйелер.
10 / 27
"Прогресс МС-10" жүк кемесін (ТГК) "Союз-ФГ" зымыран тасығышымен "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшыру. 16 қараша 2018 жыл.
11 / 27
ХҒС-60/61 экспедициясының негізгі экипажының мүшесі ESA астронавты Лука Пармитано "Союз-ФГ" зымыран тасығышының "Союз МС-13" ғарыш кемесімен ұшуының алдында. "Байқоңыр" ғарыш айлағының ұшыру алаңы. 20 шілде 2019 жыл.
12 / 27
Зымыран тасығышты ұшыру алаңына орнату. "Байқоңыр" ғарыш айлағы. 1974 жыл.
13 / 27
"Союз ТМ-17" ғарыш кемесінің ресей-француз экипажының мүшесі, ғарышкер-зерттеуші Жан-Пьер Эньере ұшу алдында әйелі Клодимен қоштасуда. Бірнеше жылдан кейін ол да ғарышқа ұшты. 1 шілде 1993 жыл.
14 / 27
"Союз-МС-04" ғарыш кемесі орнатылған "Союз-ФГ" зымыран тасығышын "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы "Гагарин" ұшыру алаңына орнату. Сәуір 2017 жыл.
15 / 27
№3 "Электро-Л" ресейлік ғарыш аппараты "Протон-М" зымыран тасығышымен "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылды. 24 желтоқсан 2019 жыл.
16 / 27
"Байқоңыр" ғарыш айлағында "Союз МС-13" ғарыш кемесі мен "Союз-ФГ" зымыран тасығыш ының жанында ғарышкер костюмін киіп суретке түсіп тұрған ер адам.
17 / 27
"Союз МС-13" ғарыш кемесі мен "Союз-ФГ" зымыран тасығышын "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшу алдында тазарту рәсімін жүргізу сәті. 20 шілде 2019 жыл.
18 / 27
1988 жылдың 15 қарашасында Мәскеу уақытымен 9 сағат 25 минутта орбиталық "Буран" кемесі Жер орбитасымен айналып ұшып, "Байқоңыр" ғарыш айлағына қонды.
19 / 27
Тұңғыш оңтүстіккореялық әйел астронавт Ли Со-Ён (сол жақта) мен ресейлік астронавт, Халықаралық ғарыш станциясындағы 17-ші миссияның экипаж командирі Сергей Волковтың ұшар алдындағы баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген сәтінен. 8 сәуір 2008 жыл.
20 / 27
"Союз-ФГ" зымыран тасығышының "Союз МС-15" ғарыш кемесімен "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшқан сәті. 25 қыркүйек 2019 жыл.
21 / 27
Ғарышкер Валентина Терешкованың центрифугадағы жаттығуға дайындық кезі.
22 / 27
Алғашқы ғарышкер Юрий Гагариннің құрметіне қойылған Байқоңырдағы ескерткіш.
23 / 27
"Союз ТМА-11М" ғарыш кемесі мен "Союз-ФГ" зымыран тасығышы Байқоңырдағы ұшу алаңына жеткізілуде. Зымыран Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарының эмблемасымен безендірілген. 5 қараша 2013 жыл. Ғарыш кемесі Олимпиада алауын ғарышқа жеткізді.
24 / 27
Skybot F-850 роботын ("Федор" роботы) Байқоңырдан ұшыруға дайындау.
25 / 27
Байқоңыр қаласындағы айналма дөңгелегінің үстінен халықаралық ғарыш станциясы қозғалуда.
26 / 27
Роскосмос ғарышкері, "Союз МС-07" командирі, ХҒС-54 бортинженері, ХҒС-55 командирі Антон Шкаплеров, ДжАКСА астронавты, "Союз МС-07" астронавт-ғарышкері, ХҒС 54-55 бортинженері Норишиге Канаи және НАСА ғарышкері, "Союз МС-07" мен ХҒС-54/55 бортинженері Скотт Тингл (солдан оңға) "Союз-ФГ" зымыран тасығышымен "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшу алдындағы сәт. 17 желтоқсан 2017 жыл.
27 / 27
"Союз МС-15" ғарыш кемесінің "Союз-ФГ" зымыран тасығышымен ғарышқа ұшқан сәтін адамдар тамашалап тұр. 29 қыркүйек 2019 жыл.