Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Байқоңыр" ғарыш айлағын адамзаттың ғарыш кеңістігін дамытудың нышаны деп атады.
Коронавирус індеті ғарышкерлерге де қойылатын талапты қатаңдатты. Алпыс үшінші миссияның экипаж мүшелері Анатолий Иванишин мен Иван Вагнер және НАСА астронавты Кристофер Кэссиди 9 сәуір күні Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшқанға дейін бір ай карантинде болды.
Оқи отырыңыз: "Байқоңыр" мерейтойы - ғарыш айлағын дамыту жоспары туралы айтылды
Байқоңыр қаласының тұрғындары да 15 сәуірден мамырдың соңына дейін оқшауланып өмір сүрді.
Коронавирус эпидемиясына байланысты қала мерейтойына арналған салтанатты шаралар қараша айына ауыстырылды.
Олай болса, алпыс бес жыл бойы ғарышқа ұшу сәттері қалай өткенін архивтегі суреттерден тамашалаңыздар.