Оқиға

Қарағанды облысында ерлі-зайыпты балконмен бірге құлап кетті - видео

Зардап шеккен екі адам да аман қалды, ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға болған үйдің тозығы жеткен
Sputnik

АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Балқаш қаласының маңындағы Шашубай ауылында үйдің балконы екі адаммен бірге құлап кетті, деп хабарлады "КТК" телеарнасы.

Төтенше жағдай болған үйдің тозығы жеткен. Ерлі-зайыпты бір уақытта балконға шыққан. Балкон екі адамның салмағын көтере алмады.

Салдарынан 46 жастағы ер адамның миы шайқалып, көкірек қуысы соғылды, бауыры жарылды. Оның 36 жастағы әйелінің көкірек қуысы зақымданып, шынтақ сүйегі сынып, беті жараланды.

Төтенше жағдай әзірге жазатайым оқиға деп бағаланып отыр.