АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Балқаш қаласының маңындағы Шашубай ауылында үйдің балконы екі адаммен бірге құлап кетті, деп хабарлады "КТК" телеарнасы.
Төтенше жағдай болған үйдің тозығы жеткен. Ерлі-зайыпты бір уақытта балконға шыққан. Балкон екі адамның салмағын көтере алмады.
Салдарынан 46 жастағы ер адамның миы шайқалып, көкірек қуысы соғылды, бауыры жарылды. Оның 36 жастағы әйелінің көкірек қуысы зақымданып, шынтақ сүйегі сынып, беті жараланды.
Төтенше жағдай әзірге жазатайым оқиға деп бағаланып отыр.