Қоғам

Тоқаев Ақордада бас прокурормен кездесті

Бас прокурор мемлекет басшысына ірі қылмыстық істердің тергелу барысы және қоғамдық мүддені қорғауға қатысты жұмыстар туралы баяндады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Бас прокурор Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндады. Ол төтенше жағдай режимі кезінде қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті. 

Тоқаев Ақордада бас прокурормен кездесті

Бұдан бөлек, Қазақстан президентіне ірі қылмыстық істердің тергелу барысы және қоғамдық мүддені қорғауға қатысты жұмыстар туралы мәлімет берілді.  

"Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарысқа қарсы шаралардың орындалуын қатаң бақылай отырып, заңдылықты сақтау, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беру қажеттігін айтты", - деп хабарлады Ақорда. 

Кездесу соңында мемлекет басшысы бас прокурорға бірқатар нақты тапсырма берді.