НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Бас прокурор Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндады. Ол төтенше жағдай режимі кезінде қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті.
© Photo : Ақорданың ресми сайтыҚасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
© Photo : Ақорданың ресми сайты
Бұдан бөлек, Қазақстан президентіне ірі қылмыстық істердің тергелу барысы және қоғамдық мүддені қорғауға қатысты жұмыстар туралы мәлімет берілді.
"Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарысқа қарсы шаралардың орындалуын қатаң бақылай отырып, заңдылықты сақтау, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беру қажеттігін айтты", - деп хабарлады Ақорда.
Кездесу соңында мемлекет басшысы бас прокурорға бірқатар нақты тапсырма берді.