Фото

Күрес пен үміт: АЛЖИР мен Карлаг лагерьлерінің қайғы-қасіреті - фото

Sputnik

Биыл ірі қазақстандық лагерь - Карлагтың құрылғанына 90 жыл болады. Ол Қарағанды облысындағы үш аудан аумағын алған.

Лагерь тек 1959 жылы жабылды. 29 жыл бойы Карлагта миллионға жуық тұтқын болды.

30-шы жылдардағы сталиндік репрессия кезінде 5 миллионнан астам адам лагерьлерге жіберілген. 

Сонымен қатар 31 мамыр – ашарлықта қаза тапқандарды еске алу күні. Қазақ даласында ашаршылық 2 рет болды: 1921-1922 және 1932-1933 жылдар.

1 / 12
XX ғасырдың басы мен ортасына дейін Қазақстан үлкен түрмеге айналды. 30 жыл бойы ел аумағында Карлаг (Халықтық ішкі істер комиссариатының Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг (саяси тұтқындарға арналған лагерь) және АЛЖИР атауымен белгілі Отанына опасыздық жасағандардың әйелдері қамалған Ақмола лагері болды
2 / 12
Карлаг. Бұл жерді қарапайым лагерь деу қиын. Аумағы, өзінің ішкі заңдары мен адамдар санына қарағанда бұл мемлекет ішіндегі мемлекет болды
3 / 12
Карлагта миллионға жуық адам жазасын өтеді. 1940 - 1950 жылдар аралығында лагерьде аштық пен түрлі аурудан 10 мыңнан астам адам көз жұмды. Әлі күнге дейін ғимарат адамдардың қайғы-қасіретіне толы
4 / 12
АЛЖИР. Отанына опасыздық жасағандардың әйелдері қамалған Ақмола лагері 1937 жылдың желтоқсан айында құрылды. 1938 жылдың қаңтарында Москва мен Ленинградтан алңашқы әйелдер келді. Мұнда 20 мыңға жуық тұтқын болған
5 / 12
Олардың арасында Гүлжамал Майлина, Азиза Рысқұлова, Гуләндам Қоджанова, Анна Каган, Фатима Османова, Елизавета Садуақасова да болған
6 / 12
Қазақстандағы лагерьлерге КСРО-ның түкпір-түкпірінен мал тиейтін вагондармен әйелдер әкелінді. Бұл вагондарды сол кезде "сталиндік немесе столыпиндік" деп атаған екен. Әйелдер өздерінің қайда келе жатқанын білмеген. Оларға "күйеулеріңмен кездесесіңдер" деп айтыпты
7 / 12
Әйелдер қақаған аязда тоңып, үсіп кететін жағдайлар болған. Оларға отынды да шамалап береді екен. Таңертең ұйқыдан тұрған кезде шаштары мұз болып қатып қалады. Ал вагондар бекеттерге тоқтаған кезде "әйелдердің өлі денесі түсіп жатты деген" деректер де бар
8 / 12
"АЛЖИР" лагері 30 га жерді алып жатты. Оның Қарағанды және Ақмола облыстарында бірнеше бөлімшелері болған
9 / 12
Лагерьдегі сұмдыққа шыдай алмаған кейбір әйелдер өз-өзіне қол жұмсаған
10 / 12
Қазақстандағы лагерьде 62 ұлт өкілі жазасын өтеді. Әйелдер 18-20 сағат жұмыс істеді. "АЛЖИР" лагерінің жанында "Жалаңаш" деген көл бар. Онда әйелдер қамыс шауыпты. Олар күніне 40 бау қамыс жинауы керек. Егер бұл талапты орындамаса, бір тілім нан да, тамақ та бермеген
11 / 12
Қарағандыдан 30 шақырым жерде балалар зираты болған. Тамақ ішпей әбден әлсіреген, ауруға шалдыққан балалар көз жұмды
12 / 12
Күрес пен үміт. Айналадағы сұмдықтан ойымен алшақ кетуге тырысқан әйел бейнесі. Қиындыққа қайыспаған нәзікжанды