Қоғам

Екінші маусымнан бастап Алакөлге пойыздар қатынайды

"Қазақстан темір жолы" компаниясы курорт бағытына сұраныс өскен жағдайда қосымша вагондар бөлуге дайын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы Алакөл көліне дейін баратын пойыздарға билет сатыла бастағанын хабарлады.

2 маусымнан бастап Алакөлге күнара қатынайтын пойыздармен жетуге болады:

  • №22/21 "Қызылорда – Семей" және №6941/6942 "Ақтоғай – Достық" пойыздары құрамындағы "Алматы – Достық" пойыздарының вагондары;
  • №121/122 "Нұр–Сұлтан – Семей" және №6941/6942 "Ақтоғай – Достық" пойыздары құрамындағы "Нұр-Сұлтан – Достық" пойыздарының вагондары;

12 маусымнан бастап аптасына екі рет №54/53 "Нұр-Сұлтан – Достық" пойызы жүреді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда блокбекеттер алынып, қалааралық автобустар жолға шығады

Бұдан бөлек, осы бағытқа жоғары сұранысты және эпидемиологялық ахуалды ескеріп, Қазақстанда қосымша пойыздар іске қосылуы мүмкін:

  • №13/14 "Алматы – Достық", аптасына 3 рет;
  • №258/257 "Нұр-Сұлтан – Достық", аптасына 2 рет;
  • №453/454 "Алматы – Достық", аптасына 3 рет;
  • №457/6941//6942/458 "Семей - Шар – Достық", күнара;
  • №459/6941//6942/460 "Өскемен - Шар – Достық", күнара.

"Қазақстан темір жолы" компаниясы егер Алакөл бағытына сұраныс өссе, қосымша вагондар бөлуге дайын екенін мәлімдеді.

Айта кетсек, Қазақстанда жолаушылар пойыздары кезең-кезеңмен қатынай бастайды.

Бірінші кезең 1 маусымда, ал екінші кезең 10 маусымда басталады.