НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы Алакөл көліне дейін баратын пойыздарға билет сатыла бастағанын хабарлады.
2 маусымнан бастап Алакөлге күнара қатынайтын пойыздармен жетуге болады:
- №22/21 "Қызылорда – Семей" және №6941/6942 "Ақтоғай – Достық" пойыздары құрамындағы "Алматы – Достық" пойыздарының вагондары;
- №121/122 "Нұр–Сұлтан – Семей" және №6941/6942 "Ақтоғай – Достық" пойыздары құрамындағы "Нұр-Сұлтан – Достық" пойыздарының вагондары;
12 маусымнан бастап аптасына екі рет №54/53 "Нұр-Сұлтан – Достық" пойызы жүреді.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда блокбекеттер алынып, қалааралық автобустар жолға шығады
Бұдан бөлек, осы бағытқа жоғары сұранысты және эпидемиологялық ахуалды ескеріп, Қазақстанда қосымша пойыздар іске қосылуы мүмкін:
- №13/14 "Алматы – Достық", аптасына 3 рет;
- №258/257 "Нұр-Сұлтан – Достық", аптасына 2 рет;
- №453/454 "Алматы – Достық", аптасына 3 рет;
- №457/6941//6942/458 "Семей - Шар – Достық", күнара;
- №459/6941//6942/460 "Өскемен - Шар – Достық", күнара.
"Қазақстан темір жолы" компаниясы егер Алакөл бағытына сұраныс өссе, қосымша вагондар бөлуге дайын екенін мәлімдеді.
Айта кетсек, Қазақстанда жолаушылар пойыздары кезең-кезеңмен қатынай бастайды.
Бірінші кезең 1 маусымда, ал екінші кезең 10 маусымда басталады.