НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 9932 адамға жетті, деп хабарлады COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шұғыл штабы.
COVID-19: Біртанов науқастардың күрт көбею себебін түсіндірді
Өткен тәулікте 356 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 3,7% құрады.
Өңірлер бойынша:
- Алматы қаласы - 84 (3,5%),
- Батыс Қазақстан облысы - 51 (10,3%),
- Нұр-Сұлтан қаласы - 48 (2,6%),
- Маңғыстау облысы - 40 (22,6%),
- Қарағанды облысы - 34 (4,5%),
- Шымкент қаласы - 32 (4,4%),
- Шығыс Қазақстан облысы - 23 (31,1%),
- Атырау облысы - 21 (2,2%),
- Алматы облысы - 7 (2,2%),
- Қызылорда облысы - 6 (1,9%),
- Павлодар облысы - 5 (2,6%),
- Жамбыл облысы - 3 (0,8%),
- Ақмола облысы - 2 (1,3%).
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 9932. Індеттен 4900 адам жазылып шығып, 37 адам қайтыс болды.