Қоғам

Коронавирус жұқтырғандардың саны 10 мыңға жуықтады

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуПробирки с биоматериалом в больнице, архивное фото
Пробирки с биоматериалом в больнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен тәулікте ппроцентке шаққанда ең көп өсім Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді  

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 9932 адамға жетті, деп хабарлады COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шұғыл штабы.

COVID-19: Біртанов науқастардың күрт көбею себебін түсіндірді

Өткен тәулікте 356 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 3,7% құрады.

Өңірлер бойынша:

  • Алматы қаласы - 84 (3,5%),
  • Батыс Қазақстан облысы - 51 (10,3%),
  • Нұр-Сұлтан қаласы - 48 (2,6%),
  • Маңғыстау облысы - 40 (22,6%),
  • Қарағанды облысы - 34 (4,5%),
  • Шымкент қаласы - 32 (4,4%),
  • Шығыс Қазақстан облысы - 23 (31,1%),
  • Атырау облысы - 21 (2,2%),
  • Алматы облысы - 7 (2,2%),
  • Қызылорда облысы - 6 (1,9%),
  • Павлодар облысы - 5 (2,6%),
  • Жамбыл облысы - 3 (0,8%),
  • Ақмола облысы - 2 (1,3%).

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 9932. Індеттен 4900 адам жазылып шығып, 37 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0