НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Атырауда Жұлдыз шағын ауданында 20 мамырда жоғалып кеткен бір жарым жасар сәби іздестіріліп жатыр.
Бала үйінен шамамен сағат 13.30-да шығып, сол күйі оралмаған. Әли бір жарым жаста, оң аяғын сылтып басады, деп хабарлайды жергілікті "Ақ жайық" басылымы.
Іздеу жұмыстары 20 мамыр кешке де жалғасты. Оған 150-ге жуық жергілікті тұрғын, 50 шақты ерікті және 20 әскери тартылған. Оқиға орнында полиция жұмыс істеді.
Іздеуге үш дрон да жұмылдырылды. Бүкіл үйдің ауласы, септиктер, қоқыс алаңдары тексерілген, алайда іздеу жұмыстары әзірге нәтиже бермей отыр.