НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Атырауда Жұлдыз шағын ауданында 20 мамырда жоғалып кеткен бір жарым жасар сәби іздестіріліп жатыр.
Бала үйінен шамамен сағат 13.30-да шығып, сол күйі оралмаған. Әли бір жарым жаста, оң аяғын сылтып басады, деп хабарлайды жергілікті "Ақ жайық" басылымы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Іздеу жұмыстары 20 мамыр кешке де жалғасты. Оған 150-ге жуық жергілікті тұрғын, 50 шақты ерікті және 20 әскери тартылған. Оқиға орнында полиция жұмыс істеді.
Ерікті Олжас Сұлтановтың айтуынша, көрші үйде орнатылған камераға баланың, әуелі аулада болғаны, кейін көшеге шыққаны түсіп қалған.
Сәбидің анасы бір-екі минутқа үйге кіріп шыққан, бала сол арада жоғалып кеткен.
Іздеуге үш дрон да жұмылдырылды. Бүкіл үйдің ауласы, септиктер, қоқыс алаңдары тексерілген, алайда іздеу жұмыстары әзірге нәтиже бермей отыр.