Оқиға

Нөсер жауын салдарынан Түркістан облысында бірнеше көпір мен үй су астында қалды

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су тасқынының салдарын жоюға кірісті. Оқиғаға байланысты шұғыл штаб құрылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр — Sputnik. Сәрсенбі. 13 мамыр күні жауған нөсер жауын салдарынан Түркістан облысындағы Қасқасу өзені тасыды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, Жоғарғы Қасқасу ауылында қатты жауынның салдарынан Қасқасу өзені тасып, ауыл ішіндегі 4 көпірді шайған. Екпінді ауылындағы үйлердің ауласына су кірді. 
"Өзеннің төменгі ағысында Тасарық, Қазақстан, Көксәйек, Зертас елді-мекендері орналасқан. Қазіргі таңда бұл ауылдарда су тасу қаупі және нөсер жауын жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Эвакуациялық орындар №120 және №119 орта мектепте ұйымдастырылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Тұрғын үй аулаларындағы су деңгейі - 20-50 см.

ОқиғаТүркістан облысынөсер жауынкөпірсуүйлер