НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр — Sputnik. Сәрсенбі. 13 мамыр күні жауған нөсер жауын салдарынан Түркістан облысындағы Қасқасу өзені тасыды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, Жоғарғы Қасқасу ауылында қатты жауынның салдарынан Қасқасу өзені тасып, ауыл ішіндегі 4 көпірді шайған. Екпінді ауылындағы үйлердің ауласына су кірді.
"Өзеннің төменгі ағысында Тасарық, Қазақстан, Көксәйек, Зертас елді-мекендері орналасқан. Қазіргі таңда бұл ауылдарда су тасу қаупі және нөсер жауын жоқ", - деп жазылған хабарламада.
© Photo : Комитет по ЧС МВДНөсер жауын салдарынан Түркістан облысында бірнеше көпір мен үй су астында қалды
Нөсер жауын салдарынан Түркістан облысында бірнеше көпір мен үй су астында қалды
© Photo : Комитет по ЧС МВД
Оқиғаның салдарын жоюға Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 82 қызметкері мен 8 техника жұмылдырылды.
Адамдарды эвакуациялау пунктіне жеткізу үшін қоғамдық көлік ұйымдастырылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Эвакуациялық орындар №120 және №119 орта мектепте ұйымдастырылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Тұрғын үй аулаларындағы су деңгейі - 20-50 см.