НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Қазақстанда 18 мамырдан бастап қонақ үйлер мен мейрамханалар жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.
Елімізде 2020 жылдың 18 мамырынан бастап төмендегідей іс-шараларға рұқсат етіледі:
- қонақ үй кешендері;
- сыйымдылығы 30 орынға дейінгі қоғамдық тамақтану орындары;
- санитарлық талаптарға сәйкес ашық аспан астындағы жазғы алаңда қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру орындары.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан қаласындағы үлкен қонақ үй карантиндік нысанға айналады
Айта кетейік, бұған дейін 13 мамырдан бастап Шымкент пен басқа да қалаларға ұшақ қатынай басталады деп хабарланған болатын.