Қоғам

Қонақ үйлер мен мейрамханалар қызметіне рұқсат берілді

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматинцы в уличном кафе
Алматинцы в уличном кафе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Белгілі бір деңгейде шектеулермен еліміздегі қонақ үйлер мен мейрамханалар жұмыс істей бастайды

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Қазақстанда 18 мамырдан бастап қонақ үйлер мен мейрамханалар жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.

Елімізде 2020 жылдың 18 мамырынан бастап төмендегідей іс-шараларға рұқсат етіледі:

  •  қонақ үй кешендері;
  • сыйымдылығы 30 орынға дейінгі қоғамдық тамақтану орындары;
  • санитарлық талаптарға сәйкес ашық аспан астындағы жазғы алаңда қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру орындары.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан қаласындағы үлкен қонақ үй карантиндік нысанға айналады

Айта кетейік, бұған дейін 13 мамырдан бастап Шымкент пен басқа да қалаларға ұшақ қатынай басталады деп хабарланған болатын.

Жаңалықтар
0