НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр — Sputnik. Елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
"Оңтүстік-батыс пен батыста жаңбыр болады. Жел күшейіп, найзағай ойнайды. Солтүстік, солтүстік-батыс пен орталықта тұман болжанып отыр", - деп хабарлады синоптиктер.
Ірі қалалардағы ауа райы
Елордада 11 мамыр күні +27..+29 °C, түнде +14..+16 °C.
Алматыда күн бұлтты. Күндіз сынап бағанасы +23..+25 градусқа дейін көтеріледі, желдің жылдамдығы секундына 0-5 метр.
Шымкенте дүйсенбі күні күн бұлтты. Күндіз +31 °C, түнде: +16..+18 °C.
Өңірлердегі ауа райы
Қостанай облысында түнде және таңертең тұман, желдің жылдамдығы - 18 м/с.
Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында күн күркіреп, 15-20 м/с жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады деп болжанып отыр.
Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды.
Атырау, Ақтөбе облыстарында желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Ақмола, Қарағанды облыстарында найзағай, Қарағанды облысында тұман болады.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында бұршақ жаууы мүмкін.