Аңдатпа

Синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуВоробьи, архивное фото
Воробьи, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елдің оңтүстік-батысында жаңбыр жауып, солтүстік пен орталық аймақтарда тұман болады деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр — Sputnik. Елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

"Оңтүстік-батыс пен батыста жаңбыр болады. Жел күшейіп, найзағай ойнайды. Солтүстік, солтүстік-батыс пен орталықта тұман болжанып отыр", - деп хабарлады синоптиктер. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада 11 мамыр күні +27..+29 °C, түнде +14..+16 °C. 

Алматыда күн бұлтты. Күндіз сынап бағанасы +23..+25 градусқа дейін көтеріледі, желдің жылдамдығы секундына 0-5 метр.

Шымкенте дүйсенбі күні күн бұлтты. Күндіз +31 °C, түнде: +16..+18 °C. 

Өңірлердегі ауа райы

Қостанай облысында түнде және таңертең тұман, желдің жылдамдығы - 18 м/с. 

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында күн күркіреп, 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады деп болжанып отыр. 

Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды.

Атырау, Ақтөбе облыстарында желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Ақмола, Қарағанды облыстарында найзағай, Қарағанды облысында тұман болады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында бұршақ жаууы мүмкін.

Жаңалықтар
0