НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20 тонна этил спиртін сақтау және рұқсат құжаттарсыз өткізу фактісін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ірі көлемдегі этил спиртін сақтау және рұқсат құжаттарсыз өткізу фактісін анықтады. Күдіктілер 20 тонна спиртті 26 миллион теңгеге сатуға тырысқан", – делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі кезде аталған факті бойынша тергеу басталып, тиісті сараптамалар жүргізілуде.
Оқи отырыңыз: Ресейге 4,5 миллион бетпердені заңсыз өткізбек болды – ҰҚК