Қоғам

Алматыда спиртті тонналап сатқысы келгендердің жолы кесілді – видео

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуШлагбаум перед грузовым автомобилем, архивное фото
Шлагбаум перед грузовым автомобилем, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Контрабандалық тауар құны шамамен 26 миллион теңгеге бағаланып, осы іске қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20 тонна этил спиртін сақтау және рұқсат құжаттарсыз өткізу фактісін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ірі көлемдегі этил спиртін сақтау және рұқсат құжаттарсыз өткізу фактісін анықтады. Күдіктілер 20 тонна спиртті 26 миллион теңгеге сатуға тырысқан", – делінген баспасөз хабарламасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КФМ МФ РК (@kfm_mf.rk)

Қазіргі кезде аталған факті бойынша тергеу басталып, тиісті сараптамалар жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Ресейге 4,5 миллион бетпердені заңсыз өткізбек болды – ҰҚК

Жаңалықтар
0