Саясат

Тоқаев сенат депутатын тағайындады

Мәулен Әшімбаев бұған дейін президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Мәулен Әшімбаев сенат депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды", - делінген жарлықта.

Президенттің жарлығымен Әшімбаев президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Айта кетсек, 2 мамырда мемлекет басшысы сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды.

Тоқаев сенат депутатын тағайындады

Мәулен Әшімбаев туралы не білеміз

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2016 жылы Тафтса университетін, Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебін (АҚШ) аяқтаған. Саяси ғылымдардың кандидаты. Халықаралық қатынастар магистрі. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

  • 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.
  • 1994-1995 жылдары – Қазақстан Жоғарғы кеңес депутатының көмекшісі.
  • 1995 жылғы маусым - қараша аралығында – қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты.
  • 1995-1999 жылдар аралығында президенті әкімшілігі сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары.
  • 1999-2000 жылдары – қауіпсіздік кеңесі сараптау орталығының меңгерушісі.
  • 2000-2002 жылдары – қауіпсіздік кеңесі сараптау орталығының меңгерушісі – Қазақстан президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
  • 2002-2005 жылдары – президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
  • 2005-2006 жылдары – қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары.
  • 2006-2011 жылдары – президенті әкімшілігі басшысының орынбасары.
  • 2012-2018 жылдары – V, VI сайланған мәжіліс депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрғағасы.
  • 2018-2019 жылдары – "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
  • 2019 жылдың шілде-желтоқсан айларында президенттің көмекшісі қызметін атқарды.
  • 2019 жылдың 18 желтоқсанында президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

"Парасат" (2015), "Құрмет" (2007) ордендерімен және мерекелік медалдермен марапатталған.