НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Мәулен Әшімбаев сенат депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды", - делінген жарлықта.
Президенттің жарлығымен Әшімбаев президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
Айта кетсек, 2 мамырда мемлекет басшысы сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды.
Мәулен Әшімбаев туралы не білеміз
Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2016 жылы Тафтса университетін, Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебін (АҚШ) аяқтаған. Саяси ғылымдардың кандидаты. Халықаралық қатынастар магистрі. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.
- 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.
- 1994-1995 жылдары – Қазақстан Жоғарғы кеңес депутатының көмекшісі.
- 1995 жылғы маусым - қараша аралығында – қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты.
- 1995-1999 жылдар аралығында президенті әкімшілігі сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары.
- 1999-2000 жылдары – қауіпсіздік кеңесі сараптау орталығының меңгерушісі.
- 2000-2002 жылдары – қауіпсіздік кеңесі сараптау орталығының меңгерушісі – Қазақстан президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
- 2002-2005 жылдары – президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
- 2005-2006 жылдары – қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары.
- 2006-2011 жылдары – президенті әкімшілігі басшысының орынбасары.
- 2012-2018 жылдары – V, VI сайланған мәжіліс депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрғағасы.
- 2018-2019 жылдары – "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
- 2019 жылдың шілде-желтоқсан айларында президенттің көмекшісі қызметін атқарды.
- 2019 жылдың 18 желтоқсанында президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
"Парасат" (2015), "Құрмет" (2007) ордендерімен және мерекелік медалдермен марапатталған.