Қоғам

Қазақстанның 8 өңірінде індетті жұқтырғандар көбейді

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 3 671 адамға жетті, оның 1 176-сы Нұр-Сұлтан қаласында, 669-ы Алматы қаласында
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Қазақстанда тағы 74 адамнан коронавирус індеті табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. 

Оқи отырыңыз: Теңіз кенішінде коронавирус жұқтырғандардың саны 82 адамға жетті

"Алматы қаласында 26, Ақмола облысында 1, Атырау облысында 15, Батыс Қазақстан облысында 10, Қызылорда облысында 1, Павлодар облысында 1, Нұр-Сұлтан қаласында 16, Ақтөбе облысында 4 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша барлығы – 3 671: 

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 669,
  • Алматы қаласы – 1176,
  • Шымкент қаласы – 204,
  • Ақмола облысы – 100,
  • Ақтөбе облысы – 122,
  • Алматы облысы – 142,
  • Атырау облысы – 161,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 23,
  • Жамбыл облысы – 140,
  • Батыс Қазақстан облысы – 163,
  • Қарағанды облысы – 152,
  • Қостанай облысы – 50,
  • Қызылорда облысы – 208,
  • Маңғыстау облысы – 57,
  • Павлодар облысы – 146,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30,
  • Түркістан облысы – 128.

Соңғы мәлімет бойынша 922 адам жазылып шығып, 25 адам қайтыс болды.