НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Қазақстанда тағы 74 адамнан коронавирус індеті табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Оқи отырыңыз: Теңіз кенішінде коронавирус жұқтырғандардың саны 82 адамға жетті
"Алматы қаласында 26, Ақмола облысында 1, Атырау облысында 15, Батыс Қазақстан облысында 10, Қызылорда облысында 1, Павлодар облысында 1, Нұр-Сұлтан қаласында 16, Ақтөбе облысында 4 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.
Қазақстан бойынша барлығы – 3 671:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 669,
- Алматы қаласы – 1176,
- Шымкент қаласы – 204,
- Ақмола облысы – 100,
- Ақтөбе облысы – 122,
- Алматы облысы – 142,
- Атырау облысы – 161,
- Шығыс Қазақстан облысы – 23,
- Жамбыл облысы – 140,
- Батыс Қазақстан облысы – 163,
- Қарағанды облысы – 152,
- Қостанай облысы – 50,
- Қызылорда облысы – 208,
- Маңғыстау облысы – 57,
- Павлодар облысы – 146,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30,
- Түркістан облысы – 128.
Соңғы мәлімет бойынша 922 адам жазылып шығып, 25 адам қайтыс болды.