Қоғам

Ішкі істер министрі Талғат Мұсабаевқа тапанша сыйлады – фото

Сыйлық қазақ ғарышкері әрі парламент сенатының депутаты Талғат Мұсабаевқа Космонавтика күніне орай жасалды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрі сенатор Талғат Мұсабаевты өткен ғарышкерлер күнімен құттықтап, атаулы тапанша табыстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ғарышкерлер де қорқады: Талғат Мұсабаевтың ашық әңгімесі

ІІМ басшысы авиация генерал-лейтенанты Мұсабаев ашық ғарышта 341 күн 9 сағат 46 минут болғанын атап өтті.

"Қазақстан үкіметінің шешімі бойынша сізді елге сіңірген еңбегіңіз үшін құттықтап, тапанша тапсырамыз. Сіз өз атыңызды біздің республикамыздың тарихына лайықты енгізе білдіңіз", - деп құттықтады Тұрғымбаев.

Талғат Мұсабаев үкіметтің сыйлығын қабылдай отырып, министрге алғысын білдіріп, "Тапаншасыз жүруге болмайды" деп қалжыңдады.

Ішкі істер министрі Талғат Мұсабаевқа тапанша сыйлады – фото

Айта кетейік, бүкіл әлемде Ғарышкерлер күні 12 сәуірді аталып өтеді.

Талғат Мұсабаев ғарышқа алғаш рет 1994 жылы, содан кейін тағы екі рет – 1998 және 2001 жылдары ұшты. Үш рет ашық ғарыш кеңістігіне шығып, 41 сағат 15 минут болды.