НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрі сенатор Талғат Мұсабаевты өткен ғарышкерлер күнімен құттықтап, атаулы тапанша табыстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ғарышкерлер де қорқады: Талғат Мұсабаевтың ашық әңгімесі
ІІМ басшысы авиация генерал-лейтенанты Мұсабаев ашық ғарышта 341 күн 9 сағат 46 минут болғанын атап өтті.
"Қазақстан үкіметінің шешімі бойынша сізді елге сіңірген еңбегіңіз үшін құттықтап, тапанша тапсырамыз. Сіз өз атыңызды біздің республикамыздың тарихына лайықты енгізе білдіңіз", - деп құттықтады Тұрғымбаев.
Талғат Мұсабаев үкіметтің сыйлығын қабылдай отырып, министрге алғысын білдіріп, "Тапаншасыз жүруге болмайды" деп қалжыңдады.
© Photo : скриншот онлайн-трансляции заседания сенатаІІМ басшысы Талғат Мұсабаевқа тапанша сыйлады
ІІМ басшысы Талғат Мұсабаевқа тапанша сыйлады
© Photo : скриншот онлайн-трансляции заседания сената
Айта кетейік, бүкіл әлемде Ғарышкерлер күні 12 сәуірді аталып өтеді.
Талғат Мұсабаев ғарышқа алғаш рет 1994 жылы, содан кейін тағы екі рет – 1998 және 2001 жылдары ұшты. Үш рет ашық ғарыш кеңістігіне шығып, 41 сағат 15 минут болды.